ҚАБІРДЕ ҚОЙЫЛАТЫН ҮШ НЕГІЗГІ СҰРАҚ және олардың жауабы Шейх Мухаммад Салих әл-Усайминнің بِسْـمِ اللهِ الرَّحْمـَنِ الرَّحِيـمِ Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаhтың атымен Бұл кітап өзінің шағын көлеміне және қарапайым баяндалу тәсіліне қарамастан, әрбір мұсылманға қажетті болып табылады, өйткені онда Ислам дінінің ең маңызды сұрақтары және негіздері туралы баяндайды. Ол дінді үйренуге кіріскендерге жүректерінде дұрыс сенімдердің бекемделуі үшін қажетті, сондай-ақ балаларын Ислам сенімінің (ақидасының) басты негіздеріне оқытып-үйреткісі келген ата-аналарға да қажетті. Оны діни оқу орындарында және қазақ тілді мұсылмандарды оқытуға арналған бағдарламаларда оқу құралы ретінде қолдану өте орынды болмақ. Кітаптың өзі де, оған қоса берілетін түсіндірме де толығымен Құранның аяттарына және көп бөлігі орыс тіліне аударылған, басып шығарылған және кең таралған әл-Бухари мен Муслимнің жинақтарынан алынған Пайғамбардың (оған Аллаhтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді түрде жеткен (сахих) хадистеріне сүйенеді.
APKFab.com y el enlace de descarga de esta aplicación son 100% seguros. Todos los enlaces de descarga de aplicaciones que aparecen en APKFab.com son de Google Play Store o enviados por los usuarios. Para la aplicación desde Google Play Store, APKFab.com no lo modificará de ninguna manera. Para la aplicación enviada por los usuarios, APKFab.com verificará la seguridad de la firma de APK antes de publicarla en nuestro sitio web.